Головкиннің келесі жекпе-жегінің уақыты өзгерді
ІВF және ІВО нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық "суперчемпион" Риота Мурата (16-2, 13 КО) арасындағы жекпе-жек алдын ала мәлімденген уақыттан ерте өтуі мүмкін. Бұл туралы ESPN инсайдері Майк Коппинджер мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дереккөздерге сүйенсек, Мурата мен Головкиннің кездесуі ақпан айында өтеді. Егер GGG жеңеді деп топшыласақ, бұрынғы рейтингін қайтару үшін келері жыл тағы екі жекпе-жек өткізуі керек", – деп жазды Коппинджер.
Әлемнің экс-чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды
Айта кетейік, Головкиннің "суперчемпионға" қарсы кездесуі Токиода 29 желтоқсанда өтуі керек болған. Алайда карантин шараларына байланысты Жапония билігі шетелдік азаматтардың ел аумағына кіруіне тыйым салды. Кей дереккөздер бұл жекпе-жектің наурыз не сәуір айларында өтуі ықтимал екенін айтты.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі