Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің келесі міндетті қарсыласы белгілі болды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) орта салмақтағы әлемнің "суперчемпионы" Геннадий Головкинге сол санаттағы кубалық Эрисланди Ларамен міндетті жекпе-жек тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Головкин

Тараптарға келіссөздер жүргізу үшін 30 күн – 2022 жылдың 23 қыркүйегі мен 23 қазаны аралығында уақыт берілді. Белгіленген уақытта Головкин мен Лара жекпе-жек туралы келісімге келе алмаған жағдайда, жүлде қорын GGG пайдасына 75%-дан 25%-ға дейін бөлу туралы промо-аукцион белгіленеді.

Бұған дейін WBA Геннадий Ларамен жұдырықтасса, супер орта салмаққа өтуге және Сауль "Канело" Альвареспен осы категорияда сөзсіз әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берген болатын.

Еске салайық, GGG мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек 18 қыркүйекте өтіп, мексикалық боксшы жеңіске жеткен еді. 

Дидар Халық
Сенбі, 24 Қыркүйек, 2022 13:50
Талқылау