Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкиннің егізі онымен ұқсастығы туралы айтып берді (фото)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннен аумайтын 24 жастағы Өскемен тұрғыны Руслан Оспанов өзінің танымал спортшыға ұқсастығы оның өміріне қандай әсер беретінін айтты.

f1f7511effc1c101accfb4da20e19621

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Екі жыл бұрын мен Астанаға келдім. Сол кезде адамдар менің Головкинге ұқсайтынымды айта бастады. Автобусқа мінгенде, көшеде жүргенде бәрі осыны меңзейтін. Мен бой бойынша да, салмақ бойынша да онымен бірдеймін. Барлығы Головкинге туыссың ба деп сұрайды. Дегенмен оның басының пішіні басқаша, басқа да айырмашылықтар баршылық. Ал мінез бойынша менде Гена сияқтымын”, – дейді Руслан.

5ab5af1807759012b606d2d8afe7c236

Ол сондай-ақ қарапайым тұрмыс-тіршілігі туралы да айтып берді.

“Өскемен қаласында тұрамын. Бағдарламашы болып жұмыс істеймін. Сүйіктім бар. Оның барлық жекпе-жектерін қалдырмай көремін, шеберлігіне тәнтімін. Осы жылы оның “Канеломен” болатын кездесуін асыға күтемін. Ол жеңуге тиіс. Екеуміздің қаншалықты шын мәнінде ұқсас екенімізді көру үшін онымен кездескім келеді”, – деді ол.

eded9d865dec8eb859d9bafdca31f960

Головкиннің егізі бокспен ешқашан айналыспағанын, бірақ төрт жылдай самбоға қатысқанын айтты.

Бұған дейін Головкинге аумайтын жігіт туралы ақпарат әлеуметтік желіде хитке айналған еді.

Оқи отырыңыз:

Спорттан шеттетілген Манеза медицина орталығын ашты

Төрешінің шешімімен келіспеген бапкер үстіндегі жейдесін жыртып тастады

Абылайхан Жүсіпов финалда Рио Олимпиадасының жүлдегерінен ұтылды

9 жасар қазақстандық қыз Гонконгтегі би чемпионатында жеңіске жетті (фото)

Талқылау