Головкиннің Джейкобстен кейін кіммен кездесетіні белгілі болды
WorldBoxingNews.net басылымының хабарлауынша, Геннадий Головкин – Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінде жеңіске жеткен боксшы өз атақтарын қорғап қалу үшін міндетті түрде багамалық боксшы Туреано Джонсонмен кездесуі қажет.
Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, мұндай жағдайда Головкинге Сауль Альвареспен (48-1-1, 34 КО) қыркүйек айына жоспарланған кездесуін кейінге шегеруге тура келеді. Себебі Джейкобсты жеңген жағдайда ол Джонсонмен кездесуден бас тартса, бір белбеуінен айырылуы мүмкін.
«Головкин – Джейкобс жекпе-жегінде ұтқан боксшы IBF титулын қорғау үшін міндетті түрде кездесу өткізуі керек деп шештік», – дейді IBF басшысы Линдси Такер.
Жалпы ереже осындай болғанына қарамастан Головкин Джонсонмен кездесуден бас тартса болады. Ол үшін қазақстандық боксшы WBO белбеуінің иегері, британдық Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі қажет. Бұл жағдайда басымдық оған беріледі.
Айта кетейік, IBF-те бұған дейін де осыған ұқсас жағдай болған. Ұйым 2015 жылдың қарашасында Владимир Кличконы жеңген Тайсон Фьюридан чемпиондық белбеуді алып қойған. Себебі ол белбеуін қорғау жекпе-жегінен, яғни Вячеслав Глазковпен кездесуден бас тартқан.
Жіберіп алмаңыз:
Неміс журналы Головкинді 2016 жылдың ең үздік боксшысы деп атады
Универсиада-2017: Қазақстан қоржынына 8-алтын түсті
Алматы полициясы Универсиадаға билет сатып жүрген алып-сатарларды ұстап жатыр
Көшеде дәрет сындырған батысқазақстандық полицей жұмыстан қуылды