Неміс журналы Головкинді 2016 жылдың ең үздік боксшысы деп атады
Box Sport журналы қазақстандық Геннадий Головкинді (36-0, 33 КО) кәсіпқойлар арасында 2016 жылдың ең үздік шетелдік боксшысы деп атады.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Головкин бұл номинацияда украиндық боксшы Василий Ломаченко (7-1, 5 КО) мен америкалық Андре Уордты (31-0, 15 КО) басып озды. Өткен жылы GGG рингке екі рет шығып, сәуір айында америкалық Доминик Уэйдті (18-1, 12 КО) және қыркүйекте британдық Келл Брукты (36-1, 25 КО) нокаутқа жіберді.
Айта кетейік, Box Sport басылымының мұқабасына Головкин – Брук айқасының сәті бейнеленген.
Оқи отырыңыз:
Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)
Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"