Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Универсиада-2017: Қазақстан қоржынына 8-алтын түсті

Қазақстандық Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд жұма күні Универсиадада бір-бір алтын медальге ие болды.

20170203151407

Қазақстандық фристайлшылар Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхерд жұма күні Универсиада аясында параллель могулден ерлер және қыздар арасында өткен жарыста чемпион атанды.

Параллель могул жарысында қарсыластар жұптасып сайысқа түседі, олимпиадалық жүйе бойынша жеңілген жарыстан шығып отырады. Галышева ширек және жартылай финалда ресейлік Антонина Дяткина мен австриялық Катарина Рамсерді 22:3 және 25:0 есебімен ұтқан. Финалда қазақстандық тағы бір ресейлік Елизавета Безгодоваядан басым түсті, есеп 17:8.

Дмитрий Рейхерд ерлер арасындағы дәл осы жарыс түрінен ширек финалда француз Клемент Кабролды (20:5), жартылай финалда ресейлік Евгений Гедровичті (16:9) ұтып, финалда Ресейдің тағы бір өкілі Сергей Шимбуевты 13:12 есебімен жеңді. Сонымен қатар, қазақстандық Павел Колмаков ерлер арасындағы параллель слалом жарысында қола жүлдегер атанды.  Қазіргі уақытта Қазақстанның ұлттық құрама қоржынында 8 алтын, 2 күміс және 8 қола медаль бар.

Талқылау