Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкинмен бірге жаттығатын қазақстандық «нокаутшы» рингке оралатыны туралы айтты

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) жақын арадағы жекпе-жегі туралы айтып, көрермендерді қуантуға уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Оның жекпе-жегі 30 шілдеде Лос-Анджелесте өтпек.

"Мен рингке қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Біз бұл жекпе-жекке тыңғылықты дайындық үстіндеміз. Теледидардан көретіндердің бәрі риза болады деп уәде беремін", - деді боксшы.

Ол соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында мексикандық Пол Валенсуэлаға (26-11, 17 КО) қарсы өткізген болатын. Қарсыласын 3-ші раундта күшті нокаутпен жеңіп, елімізді қуантқан еді.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмедов кездесулерін IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) промоутерлік командасы саналатын GGG Promotions атынан өткізеді.

Рысбек Арапханұлы
Сәрсенбі, 13 Шілде, 2022 16:48
Талқылау