Головкин: Жігіттер, мен әлі ораламын (видео)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альвареспен өткен жекпе-жектен кейін журналистердің сұрағына жауап берді.
Фото: vk.com
«Бүгін көп нәрсе жайлы айтуға болады. Канелоны құттықтау керек. Өйткені үйіне чемпион дәрежесімен қайтты. Өте жақсы жекпе-жек болды. Мен әлі де өзімді чемпион сезінемін. Екі чемпионның жекпе-жегі болды. Канелоның артқа шегінбеуі біздің жеңілгенімізді білдірмейді», – деді Головкин.
Головкин чемпиондықты қайтарғыңыз келе ме деген журналистердің сұрағына жауап берді.
«Әрине, мен боксшымын. Мен өз жұмысымды жасаймын. Маған қалай төрелік ететіні менің қолымда емес. Мен үшінші жекпе-жектің өткенін қалар едім», – деді боксшы.
Головкин өзінің оралатынын ескерте кетті.
«Ол бұл жолы қашқан жоқ. Бірақ бұл жекпе-жекті толық жеңді жеңді деген сөз емес. Оны құттықтау керек. Бірақ Альварес керемет мексикалық стиль көрсетті деп ойлаймын. Жігіттер, мені әлі ораламын», – деп күлді Головкин.
Айта кетейік, кеше Геннадий Головкин Сауль Алварестен жеңілді. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Төрешілер Альваресті жеңімпаз деп таныды.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.