Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен "Канело" үшінші рет жекпе-жек өткізбекші

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварес пен сол салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин үшінші рет жекпе-жек өткізуге келісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты журналист Майк Коппинджер Twitter-дегі парақшасында хабарлады. Журналистің сөзінше, екі жақ жекпе-жекке бірнеше ай бұрын келіскен.

Журналист дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осы айқастан "Канело" - $45 млн, ал Головкин - $30 млн табыс табатынын айтты. Екінші бокс кеші ұйымдастырушыларға $27 млн кіріс әкелгендіктен, үшінші жекпе-жек көрерменсіз өтпейді. Айқастың шамамен өтетін уақыты – 2021 жылдың мамыры.

 

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Шілде, 2020 14:20
Талқылау