Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин мен «Канело» үшінші рет жекпе-жекке шықпайтын болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен биылғы жылдың көктемінде жекпе-жек өткізбейтін болды. Белгілі болғандай, «Канело» 4 мамырда америкалық Дэниел Джейкобспен жұдырықтасады.

Головкин мен «Канело» үшінші рет жекпе-жекке шықпайтын болды

Бұл туралы prosports.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де ла Хойя Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобстың жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді. Орта салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек 4 мамырда Лас-Вегастегі Т-Моbile аренасында өтеді.

 

Айта кетсек, бұған дейін Геннадий Головкин мен Сауль Альварес биылғы жылы жұдырықтасуы мүмкін деп топшыланған еді. Алайда кейіннен қазақстандық боксшы «Канеломен» үшінші жекпе-жектен бас тартты.

Sports.kz порталының мәліметінше, Los Angeles Times журналисі Лэнс Пагмайр Головкиннің келесі қарсыласы WBO белбеуінің иегері Деметриус Эндрейд болуы мүмкін деп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр