Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орнынан тұра алмай қалды: Головкин қарсыласын небәрі 4-раундта сұлатып түсірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты небәрі төртінші раундта сұлатып түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Геннадий Головкин қарсыласы Стив Ролсты небәрі үшінші раундта сұлатып түсірді

Бокс кеші Қазақстан уақытымен 9 маусым күні сағат 09:00-де басталды. Жекпе-жек Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Бұл Геннадий Головкин үшін DAZN-мен үш жылдық келісімшарттың бірінші айқасы болды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкспен бірге алғаш рет шықты. 

Кештің андеркартында жұдырықтасқан Әли Ахмедов те қарсыласын ойсырата ұтты. 

Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 41-ші жекпе-жегі. Жекпе-жектің 38-ін спортшы жеңіспен аяқтады. Оның 34-і нокаутпен аяқталды. Сауль Альвареспен жекпе-жегінің бірі теңдей, бірі жеңіліспен аяқталды.

Ал Роллс үшін бұл оның 20-шы айқасы болады. Бұрынғы 19 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Он айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған.


Головкин мен Роллс жекпе-жегінің видеосы жарияланды

Талқылау