Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин қандай жағдайда бокстан кететінін айтты

IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) The Lockdown Tapes тікелей эфирінде боксшы ретіндегі мансабын қандай жағдайда аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Қазір мен тұрған жағдай маған ұнайды, одан рахат аламын. Яғни, мен істеген жұмысымнан ләззат аламын. Ұстаным немесе отбасылық немесе менің жеке өміріммен байланысты ешбір нәрсе мені кері тартпайды. Яғни, бокспен айналысуыма әлі де уақыт бар, өзімнің жаттығуымнан оданда көп ләззат аламын. Бұл аяқталғаннан кейін, әрине, толықтай аяқтаймын. Денсаулығымда қандай да бір проблемалар барын сезсем, немесе басқа бір нәрсені, әрине, аяқтаймын", - Головкин.

Видео Matchroom Boxing YouTube арнасында жарияланды. 

Жүргізуші Крис Ллойд аудармашы арқылы GGG-ге Джонатон Бэнкспен бірге жаттығудан бастап, Биг Бэнкстегі лагерьлер, оның отбасылық өмірі және болашаққа арналған жоспарларына дейін бірқатар сұрақтар қойды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр