Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Головкин-Альварес" бокс кешінде тағы бір қазақстандық өнер көрсетеді

Головкин-Альварес жекпе-жегінің андеркартында қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (18-1, 14КО) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі "Қазақстанның кәсіпқой боксы" парақшасында мәлім етілгендей, 27 жастағы Әли Ахмедовтің қарсыласы – Америка өкілі Габриэль Росадо (26-15-1, 15КО).

Боксшылар IBF-тің "суперамерикалық" белдігі және WBC Silver-дің супер орта салмақтағы титулы үшін бақ таластырады.

Жекпе-жек алдында Ахмедов пен Росадо дәстүрлі көз арбасу рәсімін өткізді.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.

Қазақстандықтар бокс кешін "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де басталады.

Талқылау