Головкин алдағы жекпе-жегі туралы алғашқы рет мәлімдеме жасады
IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен болатын жекпе-жек жайлы алғашқы мәлімдемесін жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Чемпиондық атақтарды біріктіруге арналған жекпе-жек жапонияның Сайтама қаласында өтеді. Кездесу 29 желтоқсанға жоспарланған.
"Big Drama Show-ды Жапонияға алып келгеніме қуаныштымын. Мұнда бокс – өте танымал. Риота Мурата – қабілетті чемпион. Біз белбеулерді біріктіру үшін рингте сайысқа түсеміз және бұл ерекше кеш болмақ. Жанкүйерлерге керемет жекпе-жек сыйлаймыз деген үміттемін", - деді Головкин.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"