Головкин 2004 жылғы Олимпиададағы әділетсіздіктерді айтып берді
Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2004 жылы Афинада өткен Олимпиада ойындарында ресейлік Гайдарбек Гайдарбековпен жұдырықтасқан ақтық жекпе-жегіндегі төрешілердің әділетсіздігін еске алды.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
«Сол кезде ресейлік ұтты. Шын мәнінде жеңген жоқ, бірақ ұтты. Бәрі дұрыс. Бұл менің тәжірибем, өмірімнің бір кезеңі. Мен мұның қалай жұмыс істейтінін түсінемін», – деп, The Telegraph GGG сөздерінен үзінді келтірді.
Геннадийдің айтуынша, финалға дейін бәрі белгілі болды. Бұл хабарды оған ресми тұлғалардың бірі жеткізген.
«Жартылай финалдан кейін маған: «Алтын медаль Қазақстанның бір ғана жігітіне беріледі, түсінесің бе?» деді. Мен: «Жарайды» дедім. Ол сөзін әрі қарай жалғады: «Бірақ саған берілмейді, бірінші орта салмақтағы боксшыға» (Бақтияр Артаевқа – ред.). Мен таң қалдым. Оны әбден сабап тастағаныма сенімдімін. Екінші раундтан кейін қанша ұпай болғаны есімде жоқ. Қазақстандық бапкер тоқтамай ұра беруді айтты, мен «Жақсы, жақсы» деп жауап бердім», – деді Головкин.
Жіберіп алмаңыз:
Головкин жартылай ауыр салмақтағы Сергей Ковалевті бір ұрып нокаутқа түсірді (видео)
Ашық алаңда жаттыққан Головкинге Лондон халқы тамсана қарады (фото, видео)
Головкин Мәсімовті Лондонда өтетін жекпе-жегін тамашалауға шақырды
Головкиннің қарсыласы Брук өзінен 5 килограмға ауыр болып шықты (Видео)
АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін