Мемлекеттік қызмет істері бойынша департармент басшысы Болат Исақовтың айтуынша, ведомство шенеуніктердің әлеуметтік желідегі парақшаларын тексерген.
“Тексеріс барысында этикалық нормаларға сай келмейтін 186 суретті анықтадық. Ескерту айтылған соң шенеуніктер барлық суреттер мен жазбаларды өшірді. 48 шенеунік жауапқа тартылды”, – деп атап өтті ол.
БҚО журналистері Орал қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиевтің әйелімен бірге Голливудта демалып жатқанын, оның суреті желіде пайда болғанын атап өтіп, Исақовтан бұл жайтқа қатысты жауап алмақшы болды.
“Біз мемлекеттік қызметкердің ғана парақшасын тексереміз, олардың жұбайларын назарға алмаймыз. Бұл жайт туралы алғаш естуім, бірақ міндетті түрде аталған шенеунікке кеңесімді айтамын”, – деп түсіндірді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Тағы бір жұлдызды жұп Тоқтар мен Бейбіттің әнін еншілеп алды (видео)
Жанар Айжанова мен Мөлдір Әуелбекова Шімән апаның клипіне түсті (видео)
Отандық шоу-бизнесте Жанар Дұғаловадан аумайтын әнші пайда болды