Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Голливуд жұлдызының ұлы ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Роб Райнердің ұлы ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталдыФото: SAMHSA / Wikimedia Commons

Голливуд актері Роб Райнердің ұлы ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ол 15 жасынан бастап есірткіге тәуелді болып келгені хабарланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

32 жастағы Ник Райнер ата-анасын өлтіру ісінің басты күдіктісі болып саналады және округтік түрмеге қамалды. 16 желтоқсанда оған ресми айып тағылуға тиіс.

78 жастағы актер және режиссер Роб Райнер мен оның 70 жастағы әйелі Мишель 14 желтоқсанда Лос-Анджелестегі жеке үйінде өлтірілген күйінде табылды. Қыздары олардың көп пышақ жарақатымен өлгенін анықтады.

Басты күдікті ретінде дереу Ник Райнер аталды, ол бұрын есірткі қолданғаны және белгілі бір уақыт көшеде өмір сүргені туралы ашық айтқан. Райнер жас кезінде 17 рет әртүрлі реабилитациялық клиникаларда есірткіден емделген.

Қаза тапқан Роб Райнер "Все в семье", "Неспящие в Сиэтле", "Волк с Уолл-стрит", ", "Пули над Бродвеем" және басқа фильмдердегі рөлдерімен танымал болған. Режиссер ретінде ол "Принцесса-невеста", "Когда Гарри встретил Салли", "Мизери", "Шок и трепет" және басқа фильмдерді түсірген.


Қарағандыда жалдамалы пәтерден екі жасөспірімнің мәйіті табылды


“Екі қолы байлаулы тұрған”: Белгілі композитор Арман Дүйсеновтің ұлының өлімі туралы не белгілі


Еске салайық, бұған дейін Роб Райнер мен әйелі Мишель өз үйінде пышақ жарақатымен өлі табылғанын жазған едік. Қылмыстық іс бойынша басты күдікті 32 жастағы ұлы Ник Райнер, ол жасөспірім кезінен есірткіге тәуелді болған және бірнеше рет оңалту орталықтарында емделген.

Айым Атамбаева
Сейсенбі, 16 Желтоқсан, 2025 13:06