Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гольфке арналған алаңды тазалатып қойған: Түркістан облысында мұғалімдер беделіне нұқсан келді деп шағымдануда

Жаңа оқу жылы басталғалы бері Қазақстан Білім және ғылым министрлігіне оқушылар мен ата-аналардан, оның ішінде педагогтердің беделін бұзу туралы 70-ке жуық арыз келіп түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Аумақтық департаменттер барлық өтініштерді уақытында қарайды және олар бойынша тиісті шаралар қабылдайды. Мұғалімдердің құқықтарын бұзу фактілері Түркістан және Алматы облыстарында көп байқалады”, – деп хабарлады БҒМ Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Қабенова.

Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Омаров атындағы №50 мектеп мұғалімдері курорттық аймақтардың бірінде гольф ойынына арналған аймақты жинауға тартылғанына шағымданды. Өтінішті қарастыра келе, осы мектеп директорының міндетін атқарушыны жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.


Алматы облысында мектеп мұғалімі оқушыны көлікпен қағып өлтірді 


Алматы облысында педагог директордың мұғалімдерден ақша жинайтынына және жұмысқа қатысы жоқ еңбекке тартатынына шағымданды. Кейіннен кеңестің шешімі бойынша Текелі қаласының №6 мектебінің директоры қызметінен босатылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осындай өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ол мектеп директорларына мұғалімдерді өздеріне тән емес жұмысқа тартуға тыйым салынатынын еске салды.

“Мұғалім тек балаларды оқытуы керек, оны басқа ерекше жұмыстарға тартуға тыйым салынады. "Педагог мәртебесі туралы" заң бойынша бұл жұмыс жалғасатын болады. Барлық аумақтық департаменттер заң нормаларын бұзғандарды жауапқа тартуы керек. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады", – деп атап өтті БҒМ басшысы.

 

Талқылау