Голан жотасынан 38 қазақстандық бітімгер оралды
Бітімгерлер Голан жотасынан Қазақстанға оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:gov.kz
"Фауар" бітімгершілік базасында қалған 38 әскери қызметкер екінші ұлттық контингенттің қолбасшылық құрамына өз міндеттері мен істерін тапсыру үшін Астанаға келді.
Голан биіктеріндегі БҰҰ миссиясының бірінші бітімгершілік контингентінің құрамында қызмет еткен әскери қызметкерлерді елорданың әскери әуе базасында салтанатты түрде қарсы алды.
Бітімгерлерді Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев қарсы алды. Қолбасшылық өкілі оларға адал қызметі мен бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық бітімгершілік контингентінің әскери қызметшілерімен кездесу өткізді.
"Бітімгер болу - бейбітшілік жаршысы болу деген сөз. Бұл үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Нағыз ержүрек жауынгерлер ғана орындай алатын міндет. Баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын", – деді Жоғарғы Бас Қолбасшы.
Қазақстандық бітімгершілік контингенті БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсы тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтаумен айналысты.

"Алдағы 10 жылда мұнай қоры таусылады": Сарапшылар "қара алтынсыз" Қазақстанның болашағы қандай боларын болжады
