Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гоада түнгі клубта болған өрттен 23 адам көз жұмды

клуб өрт

Фото: Getty Images

Үндістанның Гоа жағалау аймағындағы танымал түнгі клубта болған өрттен кемінде 23 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың көпшілігі Солтүстік Гоадағы Арпора қаласындағы клуб қызметкерлері, өрт құрбандарының қатарында туристер де бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды. 

Полицияның мәліметінше, алдымен клуб асханасындағы газ баллоны жарылып, кейін қаулаған өрт клубты түгел шарпыған.

"Бүгін біз үшін өте қайғылы күн", – деді Гоа бас министрі Прамод Савант өз мәлімдемесінде.

Ал Гоа полициясының бастығы Шри Алок Кумардың айтуынша, мәйіттердің көбі асхана маңынан табылған, бұл құрбандардың клубта жұмыс істегенін көрсетеді.

"Өрт негізінен бірінші қабаттағы асхана маңында болған. Өрт түн ортасында шықты. Қазір ол бақылауға алынды", – деді ол.

Indian Express басылымының хабарлауынша, өрт Бага жағалауында орналасқан Birch by Romeo Lane атты клубта шыққан, бұл аймақтағы ең танымал жағажайлардың бірі.

Жергілікті БАҚ деректеріне сәйкес, жексенбі күні таңертең құтқару жұмыстары жалғасқан.

Савант есімді дәрігер журналистерге берген мәлімдемесінде үш адамның күйік жарақатынан, ал қалғандарының тұншығудан қайтыс болғанын хабарлады. Сондай-ақ өрт кезінде үш-төрт турист қаза тапқан. Олардың жасы мен азаматтығы әлі белгісіз.

Бас министр өрттің себебін анықтау үшін ресми тергеу басталғанын хабарлады.

"Құқық бұзушылар заң аясында ең қатаң жазаланатын болады, кез келген салғырттық жауапкершілігі қатал қарастырылады. Мен де қайғыдан қан жұтып отырмын, осы жағдайда барлық зардап шеккен отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын", – деді Др. Савант.

Гоа — Араб теңізіндегі бұрынғы португалиялық колония. Оның түнгі өмірі, құмды жағажайлары мен демалыс орындары жыл сайын миллиондаған туристтерді өзіне тартып келеді.

Назархан Уән
Жексенбі, 07 Желтоқсан, 2025 08:41