GITEX GLOBAL 2025: Huawei жаңа буындағы жасанды интеллект негізіндегі инновацияларды таныстырады
2025 жылғы 13-17 қазан аралығында Huawei компаниясы Dubai World Trade Centre алаңында өтетін GITEX GLOBAL 2025 көрмесіне қатысуда. Биылғы жылы Huawei "All Intelligence" тақырыбы аясында өтетін бұл іс-шараның платина демеушісі болып табылады және жасанды интеллект, желілік технологиялар, бұлттық шешімдер, деректерді сақтау жүйелері мен киберқауіпсіздік салаларындағы ең жаңа әзірлемелерін ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауданы 1200 м²-ден асатын Huawei көрме алаңында өнеркәсіптік аналитика, Huawei Cloud, интеллектуалды деректерді өңдеу орталықтары, интеллектуалды кампустар және серіктестік парк атты бес негізгі бағыт қамтылады. Келушілерге 80-нен астам шешім мен 40 интерактивті демонстрация ұсынылады, олардың қатарында Xinghe жасанды интеллект желісі, AI Data Lake деректер қоймасы, жаңа буындағы оптикалық шешімдер мен мемлекеттік секторға, қаржы, энергетика, көлік және білім салаларына арналған бұлттық платформалар бар.
Huawei компаниясының Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша президенті Филипп Ган өз сөзінде атап өтті: “Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен дамуда, олар салаларды түбегейлі өзгертіп, жаңа көкжиектер ашуда. Біздің мақсатымыз – бұл қуатты технологияны әрбір салада қолжетімді және қолдануға икемді ету. GITEX көрмесінде біз теориялық ұғымдардан асып, ЖИ-дің болашағын нақты мысалдар арқылы көрсетеміз. Біз компанияларға жасанды интеллектіні сенімді түрде енгізіп, инновацияларды кеңейтуге мүмкіндік беретін берік инфрақұрылым ұсынамыз. Клиенттермен және серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, біз осы мүмкіндіктерді бүкіл саланың ілгерілеуіне және Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы экожүйелердің нығаюына ықпал ететін нақты шешімдерге айналдырамыз”.
Компания 80-нен астам шешім мен 40 интерактивті аймақты ұсынады. Олардың ішінде Xinghe жасанды интеллект желісі, жаңа буындағы оптикалық шешімдер, AI Data Lake платформасы және ІІ негізіндегі бұлттық сервистер бар. Бұл технологиялар мемлекеттік мекемелердің, қаржы институттарының, энергетикалық және көлік компанияларының, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жұмысын оңтайландырып, қалаларды неғұрлым “ақылды” әрі тұрақты етеді.
“Ұлттық цифрлық трансформацияны жеделдету мақсатында біз GovTech1.0 платформасын ұсынамыз – бұл мемлекеттік мекемелерді жылдам жаңғыртуға арналған стратегиялық жоспар. Huawei мемлекеттік секторға арналған жоғары деңгейлі шешімдер мен арнайы ұсыныстар әзірледі, олардың негізінде төрт негізгі қағида жатыр: қосымшалардың интеллектуалдандырылуы, деректердің үйлестірілуі, платформалардың стандартталуы және кеңжолақты желі”, – деп атап өтті Huawei компаниясының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы АКТ-маркетинг және шешімдерді сату департаментінің президенті Аллен Тан.
Huawei дәстүрлі түрде ашық экожүйе мен серіктестікке ерекше мән береді. GITEX GLOBAL 2025 аясында компания 20 жаңа салалық шешімді, шағын және орта бизнеске арналған 30 өнімді таныстырып, арнайы серіктестік парк ұйымдастырады. Бес күн бойы салалық форумдар, панельдік пікірталастар және цифрлық қуат, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қолдануға арналған баяндамалар тақырыптарын қамтитын 100-ден астам сараптамалық сессиялар өтеді.
GITEX Cyber Valley киберқауіпсіздік көрмесінің жетекші демеушісі ретінде Huawei интеллектуалды технологиялар дәуіріндегі қауіпсіздік жөніндегі өз көзқарасын да ұсынады. 14 қазанда Huawei компаниясының жаһандық киберқауіпсіздік және құпиялылық жөніндегі директоры Шон Ян “Жасанды интеллект деректері мен инфрақұрылымының қауіпсіздігін нығайту және барлық талдамалық деректердің қорғалуын қамтамасыз ету” тақырыбында баяндама жасайды. Сессия барысында сондай-ақ ІІ негізіндегі қауіпсіздік шешімдерінің жаңа портфелі, соның ішінде кәсіпорындарды күрделене түскен қауіп-қатер жағдайында қорғауға арналған Xinghe Intelligent SASE интеллектуалды шешімі таныстырылады.
Телекоммуникация саласында Huawei 5.5G желілерін белсенді дамытып, әлем бойынша 2,1 миллиардтан астам 5G пайдаланушысына қызмет көрсетеді. Компания интеллектуалды желілерді, жаңа контент форматтарын және корпоративтік клиенттерге арналған цифрлық сервистерді дамытуда.
Бұлттық технологиялар саласында Huawei дәстүрлі есептеу үлгісінен MaaS (Model-as-a-Service) – жасанды интеллект моделін қызмет ретінде ұсыну тұжырымдамасына көшуді көрсетеді. Негізгі шешімдердің қатарында ModelArts (модельдерді оқыту платформасы), Versatile (интеллектуалды корпоративтік агенттер), сондай-ақ жаңа буындағы дерекқорлар мен талдамалық қызметтер – GaussDB, TaurusDB, DataArts Studio және MapReduce Service бар.
Huawei интеллектуалды білім беру бағытына да айрықша назар аударады. 14 қазанда өтетін Ақылды білім беру форумы барысында компания оқу үдерістерін цифрлық трансформациялау тұжырымдамасын және ЮНЕСКО-мен бірлескен инклюзивті, тең және технологиялық тұрғыдан дамыған білім беруді дамытуға бағытталған бастамаларын таныстырады.
GITEX GLOBAL 2025 көрмесі 13-17 қазан аралығында Дубайдың Әлемдік сауда орталығында өтеді. Қатысушылар Huawei сарапшыларымен кездесіп, компанияның соңғы әзірлемелерімен 22-павильондағы стендінде таныса алады.
Толығырақ ақпарат: e.huawei.com/ae/events/ae/gitex/2025

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
