Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемдегі ең кішкентай иттің суреті жарияланды
Әлемдегі ең кішкентай иттің суреті жарияланды. Перл есімін алған үй жануары АҚШ-та мекендейді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Фото: guinnessworldrecords.com/
Әлемдегі ең кішкентай иттің суреті Гиннестің рекордтар кітабы ресми сайтында жарияланды. 2 жылдық жануардың салмағы 553 грамм. Ал бойы 9,14 және ұзындығы – 14,7 сантиметр.
Фото: guinnessworldrecords.com/
Перл деп есім алған Чихахуа тұқымдас АҚШ-та тұрады. Ол бұған дейін Рекордтар кітабына тіркелген Миракл Миллидің туысы. Перл алғаш туғанда салмағы 28 грамм болған екен.
Талқылау