Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гиннестің рекордынан бас тартып орамалын шешпеген 124 жастағы әже

Палестиналық Мәриям Хамдан Аммаш 1888 жылы дүниеге келіпті. Ол жер бетінде 122 жыл ғұмыр кешкен, кейін “ең ұзақ өмір сүрген адам” ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген француз әйелі Жанна Луиз Кальманды басып озып, 2012 жылы 124 жасқа толады.

х

Ол кісінің жасын естіген әр елдің журналистері Мәриям әжемізді бір көрмекке, сұхбаттаспаққа жан-жақтан Палестинаға ағыла бастайды, деп жазады islam.kz.

Бірақ оның ұлдары мен немерелері Guinness командасымен кездесуден, аналарын фотоға түсіртуден бас тартады. Өйткені, олар Мәриям әжені телеарнадан көрсету үшін орамалын шешуі тиіс деген шарт қойыпты. Мәриям әженің ұрпақтары аналарының 5 рет үлкен қажылыққа, 10 рет Умраға барғанын айтып, ол кісінің бүкіләлемдік атақ пен байлықтан күнәға батпас үшін бас тартып отырғанын келтіреді.

Мариям ана қатты қартайғанына қарамастан, ұрпақтарының барлығы пікірімен санасатын дана, дінінде тақуа әйел болыпты. Оны бүкіл ауыл біледі екен. Ауылдағы талай сәбидің кіндік шешесі де, дәрігері де осы Мәриям әжей болыпты. Әже жан-жақтан ем-дом іздеп келгендерді тегін емдейді екен. Өмірінің соңғы сәттеріне қарамастан, іс-қимылдан қалмаған әже қарқынды ғұмыр кешіпті. iVZGxn5AsKW7TkRz-lg

Гиннестің ректордар кітабына енгізу үшін солардың өкілі келіп Мәриям әжеге: “Сізді әлемге атақты қыламыз, ең танымал тұлғалардың біріне айналасыз”, – десе, әжей оларға жауап ретінде: “Ал атақты болу мені бақытты ете ме?” – деп сұрапты. Не деп жауап берерін білмей қалған өкіл: “Ол сізді бақытты етпесе де, отбасыңыз бен ұрпақтарыңызды бақытты етеді”, – деп жауап береді. Сондай әжей: “Сіздің жасыңыз қаншада?” – деп сұрайды. Өкіл 43-те екенін айтады. Бір жымиып алған әжей: “Мұсылман емессіз ғой, иә?” дейді. “Мұның не қатысы бар?”, – дейді таңданысын жасыра алмаған жігіт. Сонда Мәриям әжей: “Сіз ненің ақ, ненің қара екенін айыратын жасқа баяғыда жетіп қойыпсыз.

Соған қарамастан мұсылман емессіз. Яғни сіздің ақиқатты тануға не жасыңыз жеткен жоқ, не ақылыңыз кем. Өйткені “ертең өлім құшатын жәй адамдар ортасындағы атақтылық бақыт әкеледі” дегенге не кішкентай бала немесе ақыл-есі кем адам ғана сенеді. Жаратушысының алдында масқара болу қаупіне кім барады? Қалай ойлайсыз, қайсысын таңдағаным дұрыс? Абыройсыздардың арасындағы абыройды ма, әлде Жаратқанның разылығына ие болған бақыттылардың арасындағы абыройды ма?” – деді. Гиннестің өкілі не дерін білмей, үнсіз тұрып қалды. Сөзін қайта сабақтаған Мәриям әжей: “Жауабыңыз жоқ болса, барыңыз, есейіңіз. Сосын жақсылап ойланыңыз. Ал мен сіз қайта айналып келгенше өлмеуге уәде беремін”, – деді әзілдеп.

Ең қызығы,  қария айтса айтқандай, арада 7 ай өткенде жаңағы жігіт Мәриям әжейдің алдына қайта айналып келген еді. Бірақ бұл жолы ол мұсылман болатын. Мұсылман… Ал дана әжей осы оқиғадан соң 4 ай өткенде өмірден өтіпті.

Алланың алдындағы абыройды мына дүниеден, байлықтан, беделден, бәрінен-бәрінен жоғары қойған Мәриям әжейдің дәрежесі Жәннатта да солай болады деп сенеміз әрі сол үшін дұға етеміз!

Марфуға Шапиян

Жіберіп алмаңыз:

Намазға бас қойған америкалық профессор не себепті егіліп жылағанын айтты

Алматыда бойжеткен көпірден секірмек болған жігітті құтқарып қалды (видео)

Астанадағы кептеліс. Қала әкімі кептеліс үшін премьер-министрен сөз естіді

«Алматы аруы» танымал футболшыға тұрмысқа шықты (фото)

Талқылау