Қазақстандық гимнастшы Милад Карими Азия чемпионатында топ жарды
Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында тарихи жүлде жеңіп алған Милад Карими тағы да жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Ташкентте өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Азия біріншілігінің чемпионы атанды. Отандасымыз кермедегі жаттығуда сәтті өнер көрсетіп, төрешілерден 15.033 ұпаймен жарыс жеңімпазы атанса, күміс және қола медальді қытайлықтар Хао Тянь (14.300) мен Цзяолэй Ляо (13.800) иеленді.
Айта кетейік, бұл – Миладтың Ташкент төрінде жеңіп алған үшінші медалі. Бұған дейін ол көпсайыс және еркін жаттығудан күміс иеленіп, тарихи жетістікке қол жеткізген еді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”