Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мамандар елорда ауасының лас болу себептерін атады

Нұр-Сұлтан Қазақстандағы ауасы ең лас қалалардың тізімін бастап тұр. Қоғам белсенділері бұл мәселеге қазірден бастап назар аудару қажет деген пікірде. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды. 

лас ауа

"Қала санының халқы көбеюде, едәуір көбеюде. Егер 10 жылдан қарайтын болсақ, екі есеге көбейді. 600 мың тұратын болса 1 миллион 200 мыңға жақындап қалды. Бізге әлеметтік нысандарды көбейту керек. Былтыр 6 мектеп салсақ, биыл 10 мектеп салу керекпіз. Оқушылардың саны осыдан 10 жыл бұрын 74 мың болса, қазір 193 мың. Егер тап осылай динамика жалғасса, алдағы уақытта оқушылар саны 400 мың болады", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Қоғам белсендісі Бақытбол Берімбай бұған себеп қалада көктің жетіспеуі себеп екенін айтады. Қалада ғимараттардың тығыз орналасқаны соншалықты балалар ойнайтын алаң да қалмаған. 

"Бір шаршы метр болса да олар құрылыс салады. Машина қоятын орын жоқ, балалар ойнайтын алаң жоқ. Қала халқы сондай қиын зардап шегіп жатыр. Бұл мәселеге қала басшысы дереу бір шара қабылдамаса, болашақта бұл қала қалың қаптаған, мән мағынасыз құрылыстың астында қаламыз. Құрылыс салғанның жөні осы екен деп олай сала бермеу керек. Құрылысты жөнімен қала халқын ескеріп , бір құрылыс салса астында паркингі болсын мектебі болсын, балабақшасы болсын, балалар ойнайтын алаң болсын. Міне осындай нәрселерді ескермейді", - деді қоғам белсендісі Бақытбол Берімбай. 

Құрылыс талаптары бойынша қаланың әрбір кварталында оның аумағының төрттен бірін алып жататын жасыл аймақ болуы шарт. Ол жерге әкімдік ағаштар отырғызып, гүлзарлар салып абаттандырылу керек. Себебі ауланы көкпен көмкеру сәндік үшін ғана емес, тұрғындар денсаулығына ауадай қажет. Алайда, астанада осы талап сақталып салынған аудандар бірен-саран ғана.

"Демалыс күндері болсын, кешкі мерзімде бала- шағаңмен аяулаға шығып серуендеудің өзі болсын үлкен проблема тудырады. Өйткені мына құрылыс компаниялардың барлығы бірінші өздерінің ыңғайын ойлайтын сияқты да. Жаңағы абаттандыру жұмыстарын, жасыл балаларға арналған жұмыстарын орындарды салу өте кенже қалып қойған", - деді тұрғын Ыбырайым Бабаев. 

Тәуелсіздік алып жатқан тұста қайта қабылданған Заңды құрылыс компанияларының ығына жығып беруге сол кезде салына бастаған Астана да себеп болды, дейді мамандар. Айтуларынша, тас үйлердің ортасында қалған жұрттың денсаулығына қарсы тағы бір заң қабылданбақшы.

"Жуырда экологиялық кодекске өзгерту енгізілбекші. Оған сай құрылыс компаниялары қоршаған ортаға зиян келтіретін субьектілердің төртінші категориясына теңестірілмекші. Яғни, олар құрылыс кезінде қанша шаң шықты, олардың салған ғимараты біткен соң, сол ауданның қоршаған ортасына қандай зиян келді ? Мұның бәрі жаңа Заңға өзгеріс енсе мүлде ескерілмейтін болды. Біз, экологтар бұған қарсымыз. Бұл жерде де белгілі топтар құрылыс компанияларының мүддесін ойлап, құжатқа өзгеріс енгізбекші", - деді эколог Айдос Жанқылышбай. 

Аталған мәселе жайлы қала жоспарлау (урбанист) мамандығын шетелден меңгеріп келген Олжас Біләлов пікір білдірді.

"Қалалық әкімдік шенділерінің айлығы 80-100 мың теңге айналасында. Мұндай жалақыға жақсы урбанист келмейді. Ал сәулет бөліміндегі мамандар эскиздің әдемі суретін қарайды да, құрылысқа рұқсат береді. Ал ол ауданға бұл ғимарат керек пе жоқ па , жаңа нысан қандай әлеуметтік мәселені ушықтыруы мүкін деген сауалға сәулетші бас қатырмайды. Бізде, негізі, әлеуметті қорғайтын құрылыс талаптары бар. Алайда заманауи білікті маман тапшылығынан олар жиі бұзылады", - деді қала жоспарлаушы Олжас Біләлов.

Талқылау