Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қызметінен босатылды
Қуаныш Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қуаныш Ерғалиев бұл қызметке 2021 жылдың маусымында тағайындалған.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Қуаныш Ерғалиев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін, "Қазтұтынуодағы" Қарағанды экономикалық университетін, Tulane University және Harvard University (АҚШ) бітірген.
2009-2014 жылдары денсаулық сақтау министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді.
2014-2019 жылдары Назарбаев Университетінде қызмет еткен.
Ал 2019-2021 жылдары Сүлейман Демирел атындағы университет ректоры болды.
Талқылау

Шерзат ісі бойынша үкім, Израиль-Иран қақтығысы, Үндістандағы ұшақ апаты: Маусым айы несімен есте қалды
Сонымен қатар министрліктердің басшылары ауысқан

Аулада қоқыс өртегендерге және кәуап пісіргендерге қандай айыппұл қарастырылған?
Заңға сай, көпқабатты тұрғын үйдің ауласында от жағуға рұқсат етілмейді