Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гей-боксшы қарсыласынан нокаут алып қалды (видео)

WBO тұжырымы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы атағына таласқан Пуэрто-Рико боксшысы Орландо Крус британиялық Терри Фланаганнан ұтылып қалды.

0ea919d6-74b6-4711-9819-7f5513b6e609

Фото: today.kz

Жекпе-жек 27 қараша күні Кардиффте өткен болатын. Кездесу бойында Фланаган басымдық танытты. Ол қарсыласына бірнеше мәрте жауапсыз соққы жасаумен болды.

Нәтижесінде төрешілер Крус екінші мәрте ногдаун алғаннан кейін кездесуді 8-раундта тоқтатты. Осылайша пуэрторикалық бокс тарихында әлем чемпионы атанған алғашқы гей-боксшы атағына қол жеткізе алмады. Ал британиялық болса өз атағын қорғап қалды.

Крус бұған дейін өзін ашық түрде гей деп жариялаған еді. Ол осы жекпе-жек барысында өзіне секс-азшылық өкілдері қолдау көрсетеді, “ал мен тарихтағы алғашқы чемпион атанған гей-боксшы боламын” деген.

35 жастағы Крус кәсіпқой шаршы алаңда 25 кездесу өткізіп, 5 рет жеңіліс тауып, 1 рет тең түсіп, қалған жекпе-жектерде жеңіске жеткен. Еншісінде 13 нокаут бар. Ал 27 жастағы британиялық болса 32 кездесудің барлығында жеңіске жетіп келеді.

Еске сала кетсек, Орландо Крус 2000 жылы Сидней олимпиадасына қатысып, сол жылы бірден кәсіпқой мансапқа ауысып кеткен болатын.

Оқи отырыңыз:

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа құрамы жарияланды

Жәнібек Әлімханұлы Жармановты екі рет нокдаунға түсіріп чемпион атанды

Аршавин марапаттау рәсімінен соң Қазақстан кубогы финалисі медалін лақтырып жіберді

Вице-министр Илья Ильиннің қанына допинг қалай тап болғанын айтып берді

Талқылау