Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

GetContact-ке кірген деректер желіде тарап кетті

Қазақстанда GetContaсt мобильді қосымшасы бұғатталды. Бұл бағдарламада жеке деректерге, оның ішінде контактілер, суреттер, электрондық пошта мекенжайлары және тіпті телефонмен сөйлесу деректеріне де қол жетімді болды. Бұл туралы КТК хабарлады.

Мобильді қосымша осыдан бір күн бұрын танымал болды. Пайдаланушылар жаппай өздерінің және бөтен адамдардың ұялы телефонынан кімнің аты қалай сақталғанын тексере бастады.

Бұдан кейін бүркеншек аттар, отбасылық және іскерлік байланыстар, оқу орындары, жұмыс, нақты мекенжайлар және басқа да жеке мәліметтер белгілі бола бастады.

Нәтижесінде, кейбір пайдаланушылар өздерінің жеке деректеріне қатты алаңдады. Олардың бұл қорқыныштары да негізсіз емес. Бірнеше күн бұрын GetContact қосымшасын Әзірбайжанда бұғаттап тастаған. Онда бұл мобильді қосымшаның кесірінен бірнеше отбасының тыныштығы бұзылды.

Бүгінде бұл бағдарламаны біздің елде де қолдануға тыйым салынды. Алайда, осы қосымшаның дерекқорында бұрыннан сақталған барлық деректер өшпей қалды. Сондай-ақ, ол мәліметтер осы бағдарламада қол жетімді болып тұр.

Жіберіп алмаңыз:

Біздің елде сот ғимаратын салсаңыз да ақшаңызды ала алмай қалуыңыз мүмкін  

Ақтөбеде жалақы алмаған тәрбиешілер білім бөліміне басып кірді 

Елімізде GetСontact қосымшасына тыйым салынды 

Қайта осындай әйел тапқаныма бақыттымын: Кемпірге үйленді деп желіде шу болған күйеужігіт шындығын айтты 

 

 

 

Талқылау