Германияда вокзалдағы полиция бөлмішесіне кіріп ақпарат сұраған қазақстандық қамауға алынды
Германияда 53 жастағы Қазақстан азаматы вокзалдағы полиция бөлмішесіне кіріп заңмен мәселесі бар-жоғын сұрағаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD басылымының Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: BILD Telegram-арнасы
Оқиға Лейпцигтің орталық вокзалындағы полиция бөлімшесіне болған. Ер адам Германияда бұрыннан тұратын көрінеді.
"Қазақ өзіне қарсы ештеңе болмайды деп үміттенген шығар. Алайда ер адамға мас күйінде және құжатсыз көлік жүргізгені үшін қамауға алу туралы екі санкция шығарылды", — деді полиция өкілі Йенс Дамрау.
Оларды Хемниц пен Торгау соттары берген. Екі бұзушылық үшін де ол жалпы сомасы 5200 еуро айыппұл төлеуі қажет болған. Алайда онда мұндай ақша болмған. Сол себепті кісенделіп, қамауға алынып, түрмеге жіберілген. Ақшалай айыппұл 130 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылған.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі