Германия өз танктерін Украинаға жіберетін болды
Германия канцлері Олаф Шольц Украинаға Leopard 2 негізгі танктерін жіберуге рұқсат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.
Der Spiegel неміс басылымы және басқа да ақпарат көздері Берлин үкіметінің Украинаға Leopard 2 танктерін жіберу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарларды жариялады. Мұндай шешім НАТО одақтастары арасындағы мәселе бойынша ұзақ пікірталастан кейін, сондай-ақ Польша бұған дейін Берлиннен өзінің Leopard 2 танктерінің бір бөлігін Украинаға жіберуге ресми түрде рұқсат сұрағаннан кейін қабылданған.
Шольцтың айтуынша, федералды үкімет Украина қарулы күштерін Leopard 2 негізгі жауынгерлік танкімен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдаған.
"Бұл Германияның ең жақын еуропалық және халықаралық серіктестерімен жүргізілген қарқынды консультациялардың нәтижесі. Бұл шешім Украинаны мүмкіндігінше қолдау жөніндегі біздің белгілі бағытымызға сәйкес келеді. Біз халықаралық деңгейде тығыз үйлестіру және келісімде әрекет етеміз", - делінген Германия министрлер кабинетінің ресми мәлімдемесінде.
- "Екі халықтың арасындағы достық айғағы": Украинаның тағы бір қаласында қазақтың киіз үйі тігілді
- "Патриотсымақтар көбейіп кетті": Путинді қолдағаны үшін партиядан қуылған экс-депутат ресейлік арнаға сұхбат берді
Министрлер кабинетінің хабарлауынша, бірінші кезеңде Германия Бундесвер резервінен 14 Leopard 2 A6 танкі ротасын береді. Украиналық экипаждарды дайындау Германияда тез арада басталуы керек. Оқытудан басқа пакетке логистика, оқ-дәрілер және жүйелерге техникалық қызмет көрсету кіреді.
Германияда жасалған әскери техника Берлиннің рұқсатымен ғана үшінші елдерге жөнелтіледі. Spiegel басқа еуропалық елдердің, соның ішінде кейбір скандинавиялық елдердің де Киевке танктерін жеткізетінін айтты.
Айта кетейік, Leopard 2 - бундесвердің негізгі жауынгерлік танкі. Ол сондай-ақ Австрия, Венгрия, Польша, Түркия, Норвегия, Швеция, Швейцария, Испания, Дания, Греция, Финляндияның әскери қаруларының қатарында. Танк 1979 жылдан бері шығарылады.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
