Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия азаматы Ақмола облысына жаңа мектеп салып берді

Германиядан тарихи Отанына оралған азамат білім күніне орай 8 млн теңгенің білім ордасын ақмолалықтарға сыйға тартты.

d7a6dcb63c757191692ff361a43f6430_crop_l_8_t_16_w_1317_h_741

Бұл жоба жекеменшік қаржы есебінен іске асырылған. Ақмола облысының тұрғыны, Германия азаматы Александр Лоренца тарихи отанына оралғаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысады. Бүгінде ол «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС директоры, «Capital Projects LTD» ЖШС құрылтайшысы, деп хабарлайды Вnews.kz.

Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Целиноград ауданының әкімі Таткеев, «Ақмола-Феникс» АҚ бас директоры Максим Божко мен ауыл тұрғындары қатысты.

2e73a6dc6a26401e327f2f7752d7a9ff

«Бүгін біз жаңа мектепті пайдалануға беріп отырмыз, мұнда сендер білім нәрінен сусындайсыңдар. Көпшілігің аудан мен еліміздің тарихында өзіндік ізін қалдырар тұлға болып қалыптасатындарыңа сенімдімін. Жаңа оқу жылында жаңа табыстар тілеймін», – деді аудан әкімі.

Мерекеге орай аудан басшысы Бірлік ауылының кішкентай тұрғыны, биыл мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған мүмкіндігі шектеулі бала Жанасыл Болатқа оқу құралдары мен компьютер сыйлады.

Тағы да оқыңыз:

Иманғали Тасмағамбетовтің қызы өз қаражатына Алматыда мектеп ашты

Торғайлық кәсіпкер ауылда тапшы мамандықтарды оқытатын колледж ашып берді

“Әке, мені өлтірші!” деп әлемге айғай салған бала қажылығын өтеді (видео)

Талқылау