Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі өтетін уақыт белгілі болды
Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя өзінің клиенті - бірінші орта дивизионның бұрынғы чемпионы мексикалық Хайме Мунгия мен орта дивизионда IBF және IBO титулдарының иегері қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жекті ұйымдастырып жатқанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін промоутер тараптар келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан.
Жекпе-жек 5 мамырда атап өтілетін мексикалық мереке - Синко де Майоға жоспарланған.
"Головкин-Мунгия жекпе-жегі - бұл қазір жұмыс істеп жатқан нәрсе. Бұл бәріне қызықты дуэль. "Синко де Майо". Осындай чемпиондық жекпе-жектің осы демалыс күндерінің хедлайнері болатынын елестетіп көріңізші? Бұл жарылыс болады", - деді Boxingscene.com-ға берген сұқбатында Де Ла Хойя.
Мунгия өзінің соңғы жекпе-жегін қазан айында өткізді. Алтыншы раундта багамдық ардагер Туреано Джонсонды мерзімінен бұрын жеңді.
Ал Головкин желтоқсан айында Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғап қалды.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...