Геннадий Головкинді Ташкентте ерекше құрметпен қарсы алды

World Boxing ұйымының басшысы, Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ташкент қаласына ресми сапармен ат басын бұрды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оны әуежайда Өзбекстан спорт федерацияларының өкілі Равшан Ирматов және Өзбекстан бокс федерациясының президенті, Asian Boxing ұйымының вице-президенті Сәкен Полатов қарсы алды.
Сапар аясында Геннадий Головкин бірқатар ресми кездесулер өткізеді деп күтілуде.
Атап айтсақ, 2026 жылы World Boxing ұйымдастыратын Әлем кубогының финалдық кезеңін өткізуге байланысты мәселелер талқылануы мүмкін.
Байрақты бәсекені Өзбекстан қабылдайды.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде Головкиннің Азия Олимпиадалық кеңесінің вице-президенті Отабек Умаровпен кездескен сәтінен видеолар тарады.
Геннадий Головкин Ташкентке Азия Олимпиадалық кеңесінің ассамблеясына қатысу үшін барған.
"Қолымнан айырылып қалу алдында тұрмын": МӘМС арқылы уақытылы көмек ала алмаған қазақстандық ота кезегінің ұзаққа созылғанына наразы
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады