Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер болды
Фото:olympic.kz
Қазақстандық кәсіпқой бокстың жұлдызы Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер. Ол қазір басты фавориттердің бірі ретінде қарастырылуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін бұл лауазымға украиналық әйгілі боксшы Владимир Кличко да үміткер болған. Алайда кандидатурасы жарияланғаннан кейін бірнеше күн өткеннен соң сайлаудан шеттетілді.
Егер Геннадий Головкин президенттікке сайланса, ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында боксты үйлестіру мүмкіндігіне ие болады. Бұл – еліміздің спорт үшін аса маңызды әрі тарихи қадам болмақ.
World Boxing ұйымының сайлауы 23 қарашада өтеді.
GGG қазір World Boxing олимпиадалық комиссиясының төрағасы қызметін де атқарады.
Айта кетейік, Геннадий Головкин даңқты боксшы кәсіби мансабында 42 жеңіс, 2 жеңіліс, 1 тең есеп (37 нокаут) тіркеген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

