Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиға Олимпиада ойындарына дайындалуға тапсырма берді
Фото:Olympic.kz
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
ҰОК ақпаратына сәйкес кездесу барысында Головкин, Айдос Сұлтанғалиды тарихи жеңісімен құттықтап, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалуға тапсырма берді.
“Айдос жоғары шеберлік пен табандылық танытты. Оның жеңісі - көп жылғы еңбектің және мақсатқа жүйелі түрде ұмтылудың нәтижесі. Бұл жетістік тек грек-рим күресі үшін ғана емес, жалпы қазақ спорты үшін де үлкен маңызға ие. Енді осы қарқынды сақтап, Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажет. Ұлттық Олимпиадалық комитет өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын. Айдосқа жаңа олимпиадалық маусымда сәттілік пен табыс тілеймін", - деді Геннадий Головкин
Айта кетейік, Загребте (Хорватия) өткен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 60 келіде ел намысын қорғады. Айдос Сұлтанғали аталмыш доданың финалына дейін, жетіп ақтық сында өзбек балуанын тізе бүктірді. Нәтижесінда Айдос грек-рим күресінен ХХI ғасырда Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы атағына қол жеткізді.

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
