Геннадий Головкин ағасымен бірге Алматыға келді
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Алматыға ат басын бұрды.
Ағасы Максиммен бірге “Шымбұлақ” тау-шаңғы кешеніне барған Головкин, тау бөктерінде суретке түсіпті. Фотоны ағасы Максим Инстаграмдағы парақшасында жариялады.
Еске салсақ, 7 маусым күні Головкин туған жері Майқұдықта өз атындағы спорт кешенін ашқан болатын. Алматыдан соң ол Астанадағы халықаралық ЭКСПО көрмесіне де барады деп күтілуде. Шілде айының ортасында Калифорниядағы Big Bear жаттығу лагеріне оралып, келесі жекпе-жегіне дайындықты бастап кетпек.
Ал 16 қыркүйек күні Головкин мексикалық Сауль Альвареске қарсы кездесу өткізеді. Өзі бағалағандай бұл қазақстандық чемпионның кәсіпқой мансабындағы ең үздік жекпе-жек болмақ.
Оқи отырыңыз:
Неймар биік үйдің шатырында тұрып көшенің арғы бетіндегі қақпаға таңғаларлық гол соқты (видео)
Футболда ұлының орнына “шенеуніктің баласын” қойғанына ашуланған анасы жағдайды баяндады
13 жасар тараздық Бибісара тағы да шахмат әлемін бағындырды
Футболдан ӘЧ-2017: Қазақстан әртістері Сербия құрамасын жеңіп, финалға шықты (видео)