Геннадий Головкин 38 жасқа толды
Бүгін - әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің туған күні, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Боксшы 1982 жылы 8 сәуірде Қарағандыда дүниеге келген. Биыл Головкин 38 жасқа келді.
Ол - әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы, 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, IBF және IBO нұсқалары бойынша кәсіпқойлар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы. WBA, WBC, IBO және The Ring нұсқалары бойынша әлем чемпионы.
The Ring журналының нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшы (27 қыркүйек 2017 - 15 қыркүйек 2018). WBA, WBC және Boxingnews24.com нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы.
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеге орай қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген