Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Генерал Новиков иемденіп алған жерлер мемлекетке қайтарыла ма – Алматы әкімі жауап берді

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала маңындағы олигархтар иеленіп алған жерлерді қайтару жұмыстары туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ОКҚ

ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі Алматы маңындағы жерлерді мемлекетке қайтару мәселесін депутаттар жиі көтеріп жүргенін айтты.

“Генерал Павел Новиковқа байланысты Аламаты қаласындағы Алматы сүбелі жерінің жүздеген гектар жерді қалай иеленді деген сұрақтар көтерілген еді. Ол кісі бүгінге 830 гектарды иеленіп отырғаны туралы сұрақ көтерілді. Осы жер мемлекетке қашан қайтарылмақшы, қандай жұмыстар атқарып жатырсыздар?” – деп сұрады БАҚ өкілі әкімнен.

Досаев бұл мәселемен қазір әкімдік айналыспайтынын жеткізді.

"Өткен жылдың 1 қаңтарынан бастап жер сұрақтарын пайдалану мен мониторнигі қала әкімшілігінен жаңадан құрылған жер ресурстарының департаментіне берілді. Сол мекеме жұмыстарды өткізіп жатыр. Бізге қайтарса біз қабылдаймыз. Ол сұрақтар бізге қармайды. Сол департамент жұмыстарды өткізіп, сотқа барады. Баяғыда әкімшілікте болған, енді өткен жылдағы жер кодексіне байланысты, бізден алып қойды”,  – деді қала әкімі. 

Сұрағын нақтылаған БАҚ өкілі әкімнен Болат Назарбаевқа тиесілі жерлердің қайтарылғанын еске салып, сол сияқты генерал Павел Новиковтан жерді алу мүмкіндігі бар ма деп сұрады. 

Алматы әкімі бұл мәселе назарында екенін айтты. 

“Өткен жылдан бастап бұл сұрақ көтеріліп жатыр. Бірақ заң бойынша қайтару жұмыстары бар. Сотқа бару керек, одан кейін аппеляциясы бар соның барлығынан өтуіміз керекпіз. Арнайы құрылған мемлекеттік орган осы жұмыстардың барлығын өткізу керек”, – деді ол. 
 

Талқылау