Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда жоғары лауазымды полиция қызметкері ұсталды

Бұрын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған (ҚАЖД) Берік Біләлов ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, Біләлов ресми түрде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығы болып тағайындалмаған, ол тек бірнеше ай департамент басшысының міндетін атқарған.

“ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаменті а. ж. қаңтарда келіп түскен 2021 жылы алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемдену туралы келіп түскен өтініш жөнінде СҚО бойынша ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Б.С.Біләлов қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады”, – делінген хабарламада. 

Сонымен бірге комитет СҚО-ға Біләлов екі айға іссапарға жіберілгенін және бір апта бұрын ол жақтан қайтып келгенін мәлім етті. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті қазіргі таңда Біләловтің ұсталғанын растап отыр. Дегенмен ведомство ұсталған сәтте оның қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде жұмыс істемегенін атап өтті. 

ҚР Бас прокуратурасының ұйғарымымен бұл қылмыстық іс бойынша тергеуді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізеді.

“Тергеу бойынша жиналған материалдар осы органға жіберілді. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге де ақпарат жария етілмейді”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, СҚО бойынша ҚАЖД басшысының м.а. қызметіне Берік Біләлов 2022 жылдың қараша айында, колонияда бір тұтқын екіншісін мерт қылған жағдай орын алғаннан кейін тағайындалған еді. Ал сол кезде өңірдің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарған әділет полковнигі Рустан Ахметжанов қызметінен босатылған еді. "Параграф" порталындағы мәліметтерге сүйенсек, 60 жастағы Берік Біләловтің полиция генерал-майоры атағы бар.

Еңбек жолын ол 1990 жылы учаскелік полиция инспекторы қызметінен бастаған. Әр жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ІІБ, ІІД-де басшылық қызметтер атқарған. Сондай-ақ СҚО, Ақмола облысының полиция департаменттерін, ІІМ Криминалдық полиция комитетін басқарған. ІІМ-нің орталық аппаратында жұмыс істеген. Сонымен қатар Ұйымдасқан қылмыспен және ТМД аумағындағы өзге қылмыстармен күресті үйлестіру бюросында өкілетті өкіл болған. 

Талқылау