Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Geely Emgrand седаны қазақстандықтар үшін барлық дилерлерлік орталықтарда қолжетімді

Қазақстанда танымал Geely Emgrand седаны таныстырылды. Көліктің моделі барлық бренд дилерлерінде қолжетімді. Emgrand автомобильдері нарықта бес жиынтықта ұсынылады. Geely Emgrand-тің бастапқы жиынтықтағы Standard түрінің бағасы 8 миллион 990 мың теңге, ал ең жоғарғы тиімді Flagship нұсқасы 11 миллион 900 мың теңге.

джили

Бұл көлік тиімділігі жағынан бүгінгі таңда әлемдегі ең жақсы темір тұлпарлардың қатарында. Энергия мен моторы үнемділігі жағынан да тиімді. 1,5 литрлік қозғалтқышы 122 а.к-да заманауи технологиямен жасалған. Одан бөлек, 5 сатылы механикалық беріліс қорабымен және алты сатылы автоматтың арқасында көлік 100 шақырымға шамамен 5,8-7 литр жанармай жұмсайды. Бұл үнемділік пен динамикалық қозғалысты қамтамасыз етеді.

джили

Жайлы салон, жүргізушіге көмекші көптеген функциялар, түстердің әртүрлігі, 12,3 дюймдік орталық дисплей мен климатты бақылау жүйесінің бәрі де осы Geely Emgrand-та орналасқан.

GEELY ресми дистрибьюторының еліміздегі өкілдері Emgrand седаны қазақстандық нарықтың сипаттамаларына сай арнайы жасалғанын алға тартты. Модель қазақстандық автоәуесқойлардың қалауы мен қажеттіліктерін ескере отырып өзгертілген. Атап айтқанда, елімізде ұсынылып жатқан Emgrand нұсқасында атмосфералық қозғалтқышпен жұптастырылған классикалық автоматты беріліс қорабы бар. Бұл тәсіл жүргізу кезінде көлікке сенімділік пен дәлдікті арттыруға мүмкіндік берді. Бұл еліміздің автомобиль жолдарында экстремалды жағдайларда жоғары жүктеме болған кезде өте маңызды.

джили

Дистрибьютор дәл қазір Emgrand моделінің бес жиынтықта қол жетімді екенін жеткізді. Стандартты пакет (1,5, 122 а.к. жанармайда, алдыңғы жетекті, 5 сатылы жылдамдықты механикалық беріліс қорабында) 8 990 мың теңгеге сатылады. Comfort пакеті (1,5, 122 а.к., жанармайда, алдыңғы жетекті, 5 сатылы механикалық беріліс қорабында) 9 690 мың теңге тұрады. Ал Comfort пакеті (1,5, 122 а.к.жанармайда, алдыңғы жетекті, 6 сатылы жылдамдықтағы автоматты беріліс қорабында) 10 290 мың теңгеге бағаланған. Luxury конфигурациясында (1,5, 122 а.к., жанармайда, алдыңғы жетекті, 6 сатылы жылдамдықты автоматты беріліс қорабында) Emgrand құны 10 690 мың теңгені, ал жоғарғы нұсқада Flagship (1,5, 122 а.к., жанармайда, алдыңғы жетекті, 6 сатылы автоматты беріліс қорабы, максималды жабдықта) – 11 090 мың теңге тұрады.

джили

Көлік жиынтықтарындағы барлық деңгейлер беріліс қорабы түрі, опциялар пакеті, жабдық деңгейі, ішкі материалдар, мен жүргізуші, жолаушылар үшін қосымша функциялары арасында бір-бірінен ерекшеленеді.

“Айта кету керек, Geely Emgrand – бүкіл әлемде ұзындығы 4638 мм, өте ыңғайлы заманауи қозғалтқышы бар, тиімділігі жоғары, өте үнемді беріліс қорабымен танымал орташа өлшемді седан. Көлік моторы өзге үлгілерден сенімділікпен және ұзақ қызмет ету мерзімімен ерекшеленеді. Мұнда озық технологиялар мен жоғары сапалы материалдар қолданылған. Көлікте жүргізуші мен жолаушылар үшін өзге кластағы аналогтарға қарағанда әлдеқайда көп орын бар. Тіпті стандартты жиынтықтағы моделі де жоғары деңгейдегі жайлылық пен жабдықтарды ұсынады. Өндіруші өзге брендтерге қарағанда Volvo технологияларын қолданудың арқасында компоненттер мен жинақтарды жобалауға қол жеткізді. Emgrand баға жағынан да сапа жағынан да жақсы ұсыныс. Бұл көліктің қазақстандықтарға ұнауы бекер емес. Қазір Geely Emgrand автокөлігінің 250 данасын алдын ала тапсырыс бойынша саттық. Енді жыл соңына дейін осы көліктердің 800-ін Қазақстан бойынша сатамыз деген жоспарымыз бар", – деді Қазақстандағы Geely дистрибьюторының директоры Виктор Нестеров.

джили

Виктор Нестеров әлемнің көптеген елдерінде осы седанға сұраныстың жоғары екенін атап өтті. Себебі көлік барлық жағынан да тиімді, төмен бағада, керемет сапасымен бәсекелестерінен асып түсті. 2014 жылдың өзінде-ақ Emgrand моделі әлемдік нарықта ең көп сатылатын қытайлық автокөлік қатарында болды. 14 жыл ішінде Emgrand сатылымы 3,7 миллион данаға жеткен. Әлемде мұндай жетістікке жеткен өндірушілер саны аз.

Geely Emgrand брендін Қазақстанның тоғыз қаласында жұмыс істейтін 10 дилерлік орталықтардан тапсырыс беріп, сатып алуға болады. Олардың екеуі Алматыда, қалғандары Астана, Атырау, Ақтау, Орал, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, және Шымкент қалаларында орналасқан.

Талқылау