Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ғажайып бейне": Алматылық фотограф толған айды суретке түсірді (видео)

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко Instagram парақшасында таңғажайып табиғат құбылысының фотосуреттерімен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фотограф толған айдың (немесе жаңа туған айдың) жоғарыға көтерілген сәтін түсіріп үлгерген. Бұл құбылыс – supermoon, яғни үлкен ай деп аталады.

"Бүгін айдың бейнесі ғажайып болды! Оның Тянь-Шань тауларындағы шыршалардың арасынан жоғары көтерілгенін өз көзіммен көрдім. Бір қызығы, бүгін түн жылы болды. Айды түсірген тауда да салқын болмады. Ай жарық болды", – делінген фотограф жазбасында.

Фотографтың жұмысы әлеуметтік желілерде тарап, қолданушыларды тәнті етті.

"Әдеттегідей, ең керемет фотосуреттер! Әрқашан уақытында! Кемпірқосақ көргенде, немесе таулар ерекше болып көрінгенде, айды көргенде бірден сіздің парақшаңызға жүгіремін!", "Ертегі сияқты!Бүгін айдың толуын өз көзіммен көрдім, бірақ суретке түсіруді ойламаппын", "Сөзбен жеткізе алмайтын сұлулық. Жылы және сүйкімді", "Керемет! Бізге керемет суреттердің жеткізгеніңіз үшін рақмет", – делінген пікірлерде.

Талқылау