"Ғажайып бала": Ержан Максим Баян Алагөзоваға арнап ән айтып берді (видео)
Ержан Максим Баян Алагөзоваға ән айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Танымал продюсер желідегі парақшасында Ержан Максимнің өзіне арнап ән айтып берген бейнежазбасын жүктеген. Продюсермен кездескен жас талант иесі "Синяя вечность" әнін орындап, дауысының қаншалықты екенін көрсеткен. Әншіге тәнті болғанын жасыра алмаған Баян Алагөзова оны мақтай жөнелді.
"Менің жерлесі мен үшін ән шырқады. Ғажайып бала. Біз сенімен мақтанамыз", - деп жазды Баян Алагөзова.
Продюсердің өзіне деген ерекше ықыласын байқап, Баян ханыммен алғаш танысқан Ержан Максим өзінің ойын білдірді. Алагөзованың жазбасына пікір қалдырған Ержан Максим продюсермен танысқанына қуанышты екенін жеткізген. Сонымен қатар, ағынан жарылып алғыс айтуды да ұмытпады.
"Сізге көп рахмет. Сізбен танысқаныма қуаныштымын", - дейді Ержан Максим.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн