"Газадағы қақтығыстар ушығады": Трамп Камала Харристі IQ-і төмен адам деп атады
АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп сенбіде басты қарсыласы, қазіргі вице-президент Камала Харристі көпшілік алдында сынап, оны "IQ деңгейі төмен" деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп Харристі жұртшылық көзінше сынға алды.
"Бұл жерде IQ-і жоғары адамдар бар, бірақ менің қарсыласымның IQ деңгейі төмен. Оның үстіне ер адам емес, әйел", – деді Трамп.
Республикалық саясаткердің айтуынша, Камала Харрис сайлауда жеңіске жетсе, дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін. Ол демократиялық партияның кандидаты Таяу Шығыс мәселелерін нашар түсінеді деп мәлімдеді.
"Харристің билікке келуі Газа секторындағы израильдік шайқастардың ушығып, үлкен аймақтық қақтығысқа ұласуына себеп болады", – деді Дональд Трамп.
Ол 2020 жылғы дауыс беру кезеңінде демократтардың айла-амалдарын ескере отырып, оның сайлауда жеңілу ықтималдығы бар екенін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Пенсильвания штатында сайлауалды науқанда сөз сөйлеген АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың өміріне қастандық жасалған еді. Сондай-ақ Джо Байден президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеген соң АҚШ вице-президенті Камала Харристің президентікке үміткер ретінде ресми түрде ұсынылған жаздық.