Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газадағы бұрын-соңды болмаған дағдарыс: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл жиын өткізді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Атқарушы кеңесі Газа секторындағы бұрын-соңды болмаған гуманитарлық дағдарысқа байланысты шұғыл жиын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al Jazeera басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Al Jazeera

Сессияның басында сөйлеген сөзінде ДДҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тез арада атысты тоқтатуға шақыратын қарар қабылдамағанына қатты өкініш білдірді.

"Газа халқын қорғаудың жалғыз нақты жолы - бітім орнату", - деді ол.

Сонымен қатар Гебрейесус анклавтағы денсаулық сақтау жүйесі үштен бірге қысқарғанын, ал денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтіндер саны азайып, шектеулі ресурстармен жұмыс істейтінін атап өтті. Осы тұрғыда Атқару кеңесінің мүшелері басып алынған Палестина аймағындағы адамдардың денсаулығын қорғауға бағытталған қарарды талқылап жатыр.

Газада соғыс қимылдары басталғаннан бері кем дегенде 286 медицина қызметкері қаза тапты.

Талқылау