Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Газа секторындағы туннелдер суға толады: Израиль ХАМАС-ты жоюдың жаңа әрекеттерін бастады

Израиль биілігі ХАМАС-ты бітімгерлік шарттарын бұзып, Израиль территориясын бомбалады деп айыптады. Содан бері Израиль әскері Газаның оңтүсітігіне жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім бір аптаға ғана созылды. Израиль әуе күштері Газаның оңтүстігі мен солтүстігін бірнеше күннен бері атқылады. Хан-Юнис аймағында ұрыс өтіп, 1-күні 240 палестиналық қаза тапты.

Газа тұрғындарының жағдайы бұрынғыдан да қиындай түскен. Израиль тек әуеден емес, теңізден де шабуылды күшейтті.

Израиль құрлықтағы операциясын оңтүстікке қарай бағыттамақ. Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнистің бір бөлігінен әскерін кері шегіндіріп, оңтүстік-батысқа қарай Египетпен шекаралас аймаққа қарай баруды көздеп отыр. Себебі ХАМАС содырлары сол жаққа қашуы мүмкін деп есептейді. 

Билік дерегінше, Газада тағы адам 137 кепілде отыр. ЦАХАЛ ХАМАС-қа қарсы соғысты бастағаннан бері Израильдің 78 сарбазы қаза болған. 

"Әскерилер тағы үш сарбаздың мерт болғанын хабарлады. Осылайша қазан айының аяғында Израильдің құрлық шабуылы басталғаннан бері қаза тапқандар саны 78-ге жетті", – деп жазады Израиль қорғаныс күштерінің баспасөз хатшысы Джонатан Конрикус.

Сондай-ақ қарулы күштердің баспасөз хатшысы Даниэль Хагари журналистерге жауап берді. 

"Газа секторында Израиль сарбаздары құрлықтық операцияны кеңейтуді жалғастырады", – деді ол брифингте.

Израиль ХАМАС-тың жерасты туннельдерін теңіз суымен толтырырмақ. Газада жер астындағы жалпы ұзындығы 500 шақырымға жететін туннель желісі бар. Жалпы аумақта 800 туннель табылған. Суды Жерорта теңізінен тартпақ. АҚШ-тың мәліметіне сүйенсек, Израиль қорғаныс күштері өткен айда Газа қаласындағы Әл-Шати маңына бес үлкен су сорғысын орнатқан.

Иззеддин әл-Кассам бригадасының содырлары кейінгі 24 сағатта Израильдің 28 әскери техникасын жойды. Бұл мәлімдемені топ өкілі Әбу Убайда айтты.

"Кейінгі 24 сағат ішінде аль-Кассам моджахедтері Газа секторындағы ұрыста 28 бірлік әскери техниканы толық немесе ішінара жойып үлгерді. Олар, сондай-ақ, үлкен калибрлі минометтермен дұшпандардың шоғырланған жерлеріне оқ жаудырып, сионистік құрылымның ішіндегі әртүрлі нысандарға зымыран жіберді", – делінген ақпаратта.

Талқылау