Газа секторынан алты Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Газа секторындағы қақтығыс аймағынан алты Қазақстан азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрілігің мәліметінше, Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы сәтті өткізіліп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді, сол жерден Қазақстанға оралған.
“Қазақстанның Амман және Тель-Авив қалаларындағы елшіліктері өңірдегі жағдайды мұқият бақылауда ұстап, Газа секторы мен жалпы Палестина аумағында жүрген Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста”, – делінген хабарламада.
Министрлік азаматтардың қауіпсіз шығуына жедел көмек көрсеткені үшін Иордания мен Израиль билігіне, сондай-ақ Халықаралық Қызыл Крест комитетіне алғысын білдірді.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен