Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Газ жоқ, шаршадық": Ақтөбеде автогаз тек талонмен беріліп жатыр

Ақтөбеде автогаз тапшы. Жүргізушілер көлікке құятын көгілдір отын іздеп қала кезіп жүр. Себебі көптеген бекет автогазды тек талонмен ғана бере бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

видеодан скриншот
 Ақтөбе қаласы бойынша автогаз тек санаулы бекетте бар. Бірақ онда ұзын-сонар кезек. Жүргізушілер таң атысымен сағаттап күтуге мәжбүр. Ал қалған бекеттердің көбі қоймаға газ келгенше жұмысын тоқтатса, қалғаны тек талонмен таратып жатыр. Өңірдегі көліктің жартысынан астамы автогазбен жүреді.

"Газдың ортасында тұрамыз. Енді мынадай бітпейтін проблема болып жатыр. Бір аптадан уақыт өтті. Газ жоқ, шаршадық. Жоқтықтың кесірінен осында тұрғанда қаншама жанарамай жағып, осы жерде өртейді. Кешкі сағат бес жарымнан тоғыз жарымға дейін кептеліс"- деп шағымданды қала тұрғыны  Дәулеткерей Амангелді.

Энергетика басқармасының мәліметінше айына кем дегенде 14 мың тонна отын керек деп отыр. Осы айда министрлік Ақтөбе облысына 12 мыңдай ғана газ бөлген. Қосымша тағы мың тоннадан асатын автогаз беруге келісіпті. Бірақ оның өзі сұранысты толық қамтымайды. Сондықтан алдағы уақытта да тапшы болады дейді жергілікті шенеуніктер. 

"Айдың соңында таусылады. Енді келісімшарттар бар құрылатын. Сосын график бар. Соған байланысты айдың соңы мен айдың басында тапшы болып қалады. Ол дұрысталатын нәрсе",- деді Ақтөбе облысы энергетика басқармасы басшысының орынбасары Нұртай Сертаев.


 

Талқылау