Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гауһар Әлімбекова: Мен ақшақұмар адам емеспін

Гауһар Әлімбекова соңғы кезде не себепті сахнаға көп шықпайтынын түсіндірді. Мұнымен қатар, кейде тегін тойларға барып тұратынын тілге тиек етті.

ExYaqAe4aeI

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Неге көрінбей кеттіңіз?

– Осы сұрақ маған жиі қойылады. Бірақ өзімді көрінбей кеткен жұлдыздардың қатарына жатқыза алмаймын. Қазір түрлі арна көп. Халық нақты қайсысынан шығатынымды білмей қалады. Жалпы табиғатымнан сахнаға сирек шығамын. Бәлкім көп көрінбейтінім де сондықтан шығар.

– Кей әнші сахнаға көп шығып, халықты жалықтырып жіберуден қорқады. Сіз де солай ойлайсыз ба?

– Негізі бұл да бар. Халықты жалықтыруға болмайды. Әдетте жүрегім бұйрық берген кезде сахнаға шығамын. Шақырған жердің барлығына бара бермеймін.

– Гонорары жоғары әншілердің бірі сіз екенсіз. Нұрлан Еспанов сияқты тойға тегін баратын кездеріңіз бола ма?

– Арасында қолымыздан келгенше қайырымдылық жасап тұрамыз. Сонда Нұрлан мені тегін тойға бармады деп айтқан болып тұр ма? Әрине, барлығына бара беру мүмкін емес. Оның үстіне туған-туысқаның мен таныстарыңның тойы тағы да бар. Оның барлығына тегін бара беретін болсам, мені кім асырайды. Нұрлан Еспанов асырамайды ғой. Бізге ән жаздырып, киім тіктіру керек. Бірақ реті келіп тұрса, міндетті түрде барамыз. Мен ақшадан өлген адам емеспін.

– Сіздің ерекшелігіңіз – жеке әндеріңізді орындайтындығыңызда. Ол әндер жоғары сұранысқа ие. Шығармашылығыңыз толығып жатқан шығар?

– Иә, құдайға шүкір. Мен ән шығаруды ешуақытта тоқтатқан емеспін. Кезінде біраз уақыт сахнаға шықпай қалған кезде де, ән жазуды тоқтатқан емеспін. Денім сау, гитарам аман болса, осы гитарамен үйде отырып көптеген әндерімді сүйемелдеп отырамын. Әндердің барлығы миым мен жүрегімнің архивінде жиналған. Үш жыл қатарынан шығармашылық кеш өткіздік. Өкінішке орай, былтыр сәті түспеді. Қазақша айтқанда, бұйрық болмады… Как раз… Осылай екі сөзімнің біріне орысша сөздер қосып кететінім бар. (Күлді.)


Жіберіп алмаңыз:

Бейбіт Қорған да қажылыққа аттанып кетті

Балғынбек Имашев әйелді жазалау үшін ерлерді «тоқал» алуға шақырды

Димаш Құдайбергенов Қытайда бір топ оққағармен жүретін болған (фото, видео)

Алтынбек Рахметов “қолжетімді” болып кеткен жұлдыздарды сынап тастады

Талқылау