Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Ғашық болып қалсам, ерте үйленемін": Әнші Садраддин жеке өмірінен сыр шертті

Фото: Жеке парақшадан алынды

Әнші Садраддин Болат жеке өмірі туралы сұраққа жауап беріп, қашан үйленетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мамыр айында өнер иесі жеке шығармашылық кешін өткізген еді. 

"Әзірге үйленген жоқпын. Жұмысымды істеп, бастаған мансабымды әрі қарай жалғастырамын. Адамымды кездестірсем, сіздерге айтамын. Әзірге жоқ. Бәрі Алланың қалауымен. Десе де, 30 жасқа дейін үйленсем деген ойым бар. Ғашық болып қалсам, ертерек үйленуім де мүмкін. Қазір нақты айта алмаймын. Уақыт көрсетеді", –  деді әнші.


  • "15 шақты адам талып қалды": Шымкентте өткен Садраддиннің концертіне жиналған жастар бір-бірін таптап кетті

  • "Техникалық жағын өзі реттей алмады": Ақтөбеде қала күніне орай өнер көрсеткен Садраддиннің басы дауға қалды


Еске салайық, мәжілісмен Дәулет Мұқаев әнші Sadraddin-нің концертін сынаған еді. 

“Біз Садраддиннің концертіне келдік. Екі баламды алып келдім. Бірақ концерт 19.00-де басталуы керек еді. Сағат 19.40 болды, әлі басталған жоқ. Бұл адамның психикасын бұзады. Менің ең жек көретін дүнием. Бір жерге бару үшін “Әзір басталмайды” деп біреудің уақытын ұрлап жүріп алады. Бұл дұрыс емес. Егер дәл уақытында басталса, халық та сол уақытта кешікпей келуге тырысады. Сағат 19.46-да басталды. 82 минутта аяқталды”, – деген еді мәжілісмен.

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 05 Мамыр, 2025 13:56
Талқылау