Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гарри Поттерді ойнаған актерді жұрт көше кезген панасыз санап, ақша берді

Гарри Поттер рөлін сомдаған актер Даниэль Рэдклифті Нью-Йорктегі көшелердің бірінде панасыз адам деп ойлаған. Бұл туралы ол Грэм Нортон шоуында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

гарри поттер

Сүйіктісімен қыдыруға шыққан Рэдклиф күн суық болғандықтан, үстіне бас киім, қалың куртка және жемпір киген. Қасында иті де болыпты. 

Қыз дүкенге кіріп кеткен уақытта ол итін жылындыру үшін тізерлеп отырған. 

«Суық болғандықтан, мен итті жылыту үшін тізерлеп отырдым. Сол уақытта өтіп бара жатқан бір адамды көрдім. Бір уақытта жігіт қайтып келіп, маған «Өзіңе кофе сатып алып іш» деп бес доллар берді», – дейді актер.

Рэдклифф сақалы өсіп кеткендіктен де өзін панасыз деп ойлап қалғанын айтады. Сол үшін де жиі қырынып тұру керек екен деп күледі. 

Талқылау